21.10.2025
«Балаларға арналған» косметикасы – расымен табиғи ма?
Балалар кремі, балалар сабыны, балалар сусабыны… Дүкендерде бұл өнімдерге арнайы бөлек қатарлар да бар.
Қоғам балаларға ең табиғи, қауіпсіз, жеке әрі ерекше бірнәрсе керек деп ойлайды. Ал табиғи және органикалық косметика өндірушілер балалар денсаулығына арналған жеке серия да жасайды.
Бірақ жиі бөлмедегі қауіпсіздік баланың да қауіпсіздігі екені ескерілмейді. Ол еңбектеп жүрген еденді немен жуды, бөтелкесіне қандай ысқыш тиді? Балалар киім-кешегін жууға арналған өнімдер кең таралған. Бірақ ол анасының құшағына енетіндіктен, оның да жейдесі қалай жуылғаны маңызды.
Біз тұрмыстық химияны, косметиканы «балаларға арналған» және «балаларға арналмаған» деп бөлуге шақырмаймыз. Біз баласы бар үйде немесе бала көп уақытын өткізетін орындарда қауіпсіз, сертификаты бар өнімдерді қолдануға шақырамыз
