21.10.2025
Неліктен әр адамның үлесі маңызды?
Сіз әлі де экологиялық мәселелерге еш әсерім жоқ деп ойлайсыз ба?
Әртүрлі елдегі супермаркеттерде пакетті азырақ қолдану тәжірибесі пакет санының 60-90%-ға қысқарғанын көрсетті. Бірақ өз шоппері бар жандар дым үлесім жоқ деп ойлауы мүмкін!
Сіз тісіңізді жуғанда, суды өшіресіз бе? Бұл қарапайым әрекет 19 литрге дейін суды үнемдейді. Елестіңізші: таңертең жуынғанда әр адам осылай істесе, сонда 9 қабатты ғимаратта 3,5 мың литр су үнемделеді.
Үнді мұхитындағы аралдан 240 тонна пластик қоқыс табылды, оның ішінде жарты миллионы — тіс щеткасы. Олардың қаншасы жер бетінде шашырап жатқанын елестетіңіз.
Егер адамзат тіс дәрігерлерінің ұсынысына құлақ асса, онда әр 3 ай сайын бұл сан 8 миллиардқа артады.
Мұнда сіздің бір бамбук щеткаңыз қоқыстарды айтарлықтай азайта алмайды деген сөз емес. Қайта сіз басқалардың да өзгеруіне шабыт бересіз. Пластик емес бір ғана балама жүздеген адамға үлгі болады.
