Сыбырлап емес, ашық талқылайық

Интим гигиенасы туралы сыбырлап емес, ашық талқылайық

Денеміздің ең нәзік бөліктеріне күтім жасау «тыйым салынған» немесе «ұят» емес. Біз интим гигиена құралдарын таңдау тері түріне сәйкес жуынуға арналған құралдарды таңдау сияқты табиғи болғанын қалаймыз.

Неліктен жай сабын немесе душқа арналған гельді қолдануға болмайды? Себебі олардың құрамында қатты белсенді заттар тым сілтілі болады, ал шырышты қабаттың PH деңгейі терінің PH деңгейінен ерекшеленеді. РН өзгерген кезде маңызды лактобактериялар өледі де, зиян микроорганизмдер көбейеді. Салдарынан дисбактериоз, иіс пен ыңғайсыздық қалыптасады.

Тағы бір фактор душта сіз әндетіп рахаттанатын хош иіс интим жерлерге қажет емес. Тіпті табиғи майлар мен сығындылары бар эко-өнімдерден де шырышты қабықша тітіркенуі мүмкін.

Helloeco-да интим гигиенасына арналған бірнеше өнім бар. Өзіңіз үшін ең қолайлысын таңдау үшін 10 г құйып алуға да болады.

Біз сөреде көп құралдың тұрғанын ұнатпаймыз, сондықтан лайфхак — сол өніммен менструацияға арналған құтыны да жууға болады😎